Бағдарлама барлығы үшін ашық және онлайн өтеді
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
ABC INCUBATION x TCA
ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСАДЫ

Назарбаев Университетінің инновациялық кластері ABC Incubation және Tech Central Asia бағдарламаларын стартаптарды дамытудың бір ауқымды онлайн бағдарламасына біріктіреді!

Shell LiveWire кәсіпкерлікті дамыту ғаламдық бағдарламасымен Шелл Қазақстанның қолдауымен біз инновациялық немесе технологиялық бизнес-идеялары мен жобалары бар бастаушы кәсіпкерлерге, сондай-ақ стартапқа қосылғысы келетін таланттарға арналған, онлайн режимінде өтетін ABC INCUBATION x TCA, бизнес-инкубациялау бағдарламасының іске қосылғанын жариялауға қуаныштымыз.
Өз идеяңды дамыту үшін қаржыландыруды қайдан табуға болатынын білесің бе?
Өз стартапыңды іске қосқың келеді, бірақ неден бастауды білмейсің?
Өз бизнес-идеяларыңды жүзеге асыру үшін кешенді қолдау алғыңыз келе ме?
Онда ABC INCUBATION x TCA онлайн бағдарламасы СЕН үшін!

12 апта ішінде өз идеяңды жұмыс істейтін бизнеске айналдыруға мүмкіндік ал.
ABC INCUBATION х ТСА бағдарламасының қатысушысы болып, келесі мүмкіндіктерге ие бол:
Бизнес-білім бойынша семинарлар мен шеберлік сабақтарды өту
Команданы қалыптастыру
Бизнес-идеялардың өміршеңдігін тексеру және бизнес-модельді анықтау
Бірінші клиенттер мен инвесторлар үшін ұсыныстарды дайындау
Pitch Deck, Қаржы моделі, Стартаптың даму жоспары
Стартапқа 3 000 000 KZT дейін алу
Demo Day бағдарламасының соңғы күні шығатын үздік стартаптар 3 миллион теңгеге дейін қаржыландыру, соның ішінде Шелл Қазақстаннан - Бағдарлама демеушісінен 1 млн теңгеге дейін грантқа және NURIS-тен 2 млн теңгеге дейін pre-seed қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарламаның демеушісі есебінен шетелдік стартап-шараларға қатысу
ABC Incubation бағдарламасы стартап-түлектерінің шетелдік стартап-іс-шараларға қатысу шығындары жабылады (1 командаға 2,5 млн теңгеге дейін). Шығындарды жабуға өтінім беру шарттары мен ережелері Бағдарлама кезінде жарияланады.

Бағдарлама түлектері алдағы бес жыл ішінде жас инноваторлар үшін Shell LiveWIRE ғаламдық «Top Ten Innovators» байқауына қатыса алады.
2020 ЖЫЛДЫҢ 12 ШІЛДЕСІНЕ ДЕЙІН ТІРКЕЛ ЖӘНЕ ABC INCUBATION х ТСА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛ!
Сіз екі жағдайда қатысушы бола аласыз:
МЕНДЕ ИДЕЯ БАР
НЕМЕСЕ
егер сіз Стартапқа қосылғыңыз келсе және командаға таланттарыңыз арқасында жүзеге асыруға көмектесе аласыз деп ойласаңыз
КОМАНДАҒА КЕЛЕДІ
ТОЛЫҒЫРАҚ БІЛУ
Qosylyńyz @nuris_cluster