Құрметті НУ қоғамдастық,
біз NURIS Machine Shop тәжірибелік-эксперименттік цехындағы жаңалықпен бөлісуге асығамыз.
Технопаркте Machine Shop оқу сыныбы ашылды
Біздің инженерлеріміз SIEMENS және DMG Mori сияқты компаниялардың арнайы оқу курстарынан өтті
және барлық тілек білдірушілерді оқытуға дайын.
Сынып 9 жұмыс орнымен, қуатты компьютерлер, лицензиялық бағдарламалық жасақтама, SIEMENS Sinumerik TrainingBox виртуалды станоктарда жұмыс істеуге үйретуге арналған оқу консолімен, проектормен және интерактивті тақтамен жабдықталған оқу сыныбы ашылды.
Siemens NX CAE, CAM, CAD бағдарламасында және SIEMENS Sinumerik оқу стендінде жұмыс істеу мысалдары бар бірнеше фотосуреттерді қараңыз:
Жаңа жылда біз келесі бағыттар бойынша оқу курстарын бастауды жоспарлап отырмыз:
Siemens NX CAD ортасында модельдеу
Siemens NX CAE бағдарламалық жасақтамасындағы инженерлік талдау
Siemens NX CAM-да токарлық және фрезерлік станоктарға арналған басқару бағдарламаларын жазу
CNC станоктарында токарлық және фрезерлік жұмыстарды орындау (SIEMENS Sinumerik).
«Комега Basic» контар контроллері негізіндегі автоматтандыру жүйелері
Altium Designer, Eagle CAD электрондық платаларды жобалау
Курстарды Machine Shop және ЖЭК полигонының инженерлері жүргізетін болады. Біздің мамандардың кәсіби тәжірибесі және жабдықтың қолжетімділігі курс тыңдаушыларына оқу процесінде тәжірибелік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді.

Барлықтарыңызды курстарымызға қатысуға шақырамыз. Біздің әлеуметтік желілер парақтарында курстарға қабылдау туралы анонстарды қадағалап отырыңыз: Facebook, Instagram, Telegram.
Сондай-ақ, бұйымдарыңыз бен жобаларыңыздың инженерлік талдауына тапсырыс бере алатындарыңызды еске саламыз. Егер сізде қандай да бір идея болса, сіз әрқашан біздің мамандардан machineshop@nu.edu.kz. почтасына өтініш жолдау арқылы кеңес ала аласыз.
Machine Shop туралы толығырақ