ClimateLaunchpad халықаралық конкурсына өтінімдер қабылдануда
Құрметті достар!

Сізді Climate Launchpad 2021 - әлемдегі ең ірі жасыл бизнес-идеялар байқауына қатысуға шақырамыз.

Ойыңызда жасыл технологиялар мен тұрақты даму жөнінде бизнес-жобаның идеясы болса, оны нақты бизнеске айналдырып, жаңа деңгейге шығуға дайын болсаңыз, Climate Launchpad 2021 конкурсына қатысуға асығыңыз.

Дайын бизнес-жоспарыңыз жоқ, ал жобаңыз тек қағаздың бетінде жазылған идея деңгейінде болса да,
конкурсқа қатысуға өтінім жіберіп, күшіңізді сынауға шақырамыз.
Басым бағыттар:
Баламалы энергия
Жасыл ғимараттар
Су ресурстарын басқару
Қалдықтарды басқару
Өнеркәсіптік көлік
Жерді пайдаланушылық
Климат өзгерісіне қарсы басқа күрес әдістері
Агроөнеркәсіптік өндіріс және экологиялық мәселелерді шешудің басқа бағыттары.
Конкурстың беретін мүмкіндіктері:
Интенсивті тренингтік сессиялар: Climate Launchpad компаниясынан келген арнайы бапкердің қатысуымен 3-күндік Boot Camp және 6 follow-up сессиялар;
Жобаға байланысты Назарбаев Университет кампусы пилотты алаңы болуы мүмкін;
Жаһандық Climate Launchpad байқауына қатысуыңыз және де өзіңіздің жобаңызды халықаралық байқауда көсетуге мүмкіншілігіңізді жіберіп алмаңыз
Бағдарламаның аяқталғаны туралы сертификат.
Конкурсқа қатысу үшін іріктеу талаптары:
Өз бизнесіңізді әлі бастаған жоқсыз (идея тек қағаз жүзінде болу мүмкін), немесе бизнесті ашқаныңызға бір жылдан асқан жоқ;
бизнес-идеяңыздың дамуына жалпы көлемінде 200 000 евродан астам қаржыландыру бөлінбеуі (жобаның жүзеге асырылуына венчурлық қаржыландыру бұрын-соңды алынбаған болу шарт);
бизнес-идея үшінші тараптың зияткерлік меншік құқығын бұзбау керек.
бағдарламаға қатысудың шарты - ағылшын тілін білу.
Өтінімдер 2021 жылдың 22 наурызына дейін қабылданады.
Өтінім беру
Толығырақ білу
Сұрақтарыңыз қалса, motivibe@nu.edu.kz
эл.поштасына жазыңыз.
Өткен жылы байқаудың қалай өткенін қараңыз:
Суреттерді басыңыз, сонда сіз біздің Инстаграмдағы жазбаларымыздың сілтемесіне өтіп, өткен жылғы конкурс туралы көбірек біле аласыз
Читать на русском
Read in English