ДИЗАЙНДЫҚ ОЙ ӨРІСІ МЕН КОНТЕНТ МАРКЕТИНГІ
ҚҰРМЕТТІ NU СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!


DC LAB-ТЫҢ ЖАҢА «DC BUSINESS» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН «ДИЗАЙНДЫҚ ОЙ ӨРІСІ МЕН КОНТЕНТ МАРКЕТИНГІ» АТТЫ АЛҒАШҚЫ КУРСЫ ЖАЙЫНДА ҚУАНА ХАБАРЛАЙМЫЗ!
Курстан алар біліміңіз:
Адами ресурстарға негізделген заманауи бизнес негіздері
Эмпатия және сапалық зерттеулер
Тың идеяларды қалыптастыру
Идеяны прототиптеу және тестілеу
Контент-маркетинг
Сондай-ақ, курсты тәмәмдай отыра, сіз
Ең танымал әрі креативті әдістердің біріне
Жоба, стартап, іс-шаралар ұйымдастыру кезінде сізге сенімділік сыйлап, істеріңізді жүйелей түсетін нұсқаулыққа
Пайдалы чек-парақшалар тізіміне
Көптеген қызықты ресурстарға
Пікірлестердің қауымдастығына қол жеткізесіз
Курс жетекшісі: Анита Акишева
Анита Акишева - Психология және Стратегиялық дизайн бағдарламасы бойынша Милан Политехникалық университетінің (Politecnico di Milano) түлегі. Ол Men's Health, BLVD X, Buro 24/7 Kazakhstan сынды басылымдарда креативті директор және бас редактор қызметтерін атқарған медиа саласының маманы.

Қазақстанға оралған сәттен бастап Анита түрлі воркшоптар мен дизайндық ой-өрісті кеңейту бастамаларының фасилитациясымен айналысады. Сондай-ақ, Акишева ханым бизнесті заманауи трендтер негізінде дамыту бағытындағы беделді кеңесші ретінде танылып жүр.
Anita's Instagram
Курс орыс тілінде өтеді

Басталуы: 12 қазан, 2020 ж.

(Zooм-кездесу форматындағы 5 сабақ, Астана уақытымен 20:00-де)
Бағасы: 18 200 теңге
Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, алғашқы 50 адам курс оқырманы атана алады.
Курсты сатып алыңыз
Read in english
Читать на русском