НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ III БИЗНЕС-ИНКУБАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
Astana Business Campus «Шелл Казахстан» компаниясының қолдауымен инновациялық және технологиялық бизнес-идеялары мен жобалары бар бастаушы кәсіпкерлер мен таланттар үшін Назарбаев Университетінің «ABC INCUBATION» үшінші бизнес-инкубациялау бағдарламасын бастайды.
Табысты кәсіпкер болуды армандайсың ба? Өз идеяңды дамыту үшін кешенді қолдау алғың келе ме?
Онда АВС Incubation бағдарламасы СЕН үшін арналған! ABC INCUBATION бағдарламасына қатысыңыз және 17 апта ішінде идеяңды жұмыс істейтін бизнеске айналдыру үшін мүмкіндік ал.
Үздік стартаптар бағдарлама демеушісі - «ШЕЛЛ КАЗАХСТАН» компаниясының қаржылық қолдауына ие болады. Бағдарламаның соңғы сатысына іріктелген 10 жобаның әрқайсысы өз стартапын дамытуға 500 000 теңге алады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін үздік командалар қосымша ақшалай жүлделер* алады және өздерінің жобаларын халықаралық старт-ап-конкурстарда және инвестициялық алаңда таныстырады**!
* Демо күніне орай өткізілетін ең үздік 2 команда 300 000 теңгеден алады
** Халықаралық стартап-конкурстар және инвестициялық алаңдарынан бірінші 3 шақыру алған ABC Incubation бағдарламасының түлектерінің жол шығындары өтеледі (бір топ үшін 800 мың теңгеге дейін)
Astana Business Campus - Innovation cluster of Nazarbayev University