Makeathon TOM: Nur-Sultan әлеуметтік жоба Нұр-Сұлтан қаласында!
Сіздің барлық дағдыларыңызды пайдалануға және өзіңізді әлеуметтік кәсіпкер ретінде көрсетуге бірегей мүмкіндік бар.

Makeathon TOM: Nur-Sultan әлеуметтік жобасы — бұл 72 сағаттық марафон, онда өнертапқыштар, инженерлер, дәрігерлер (мейкерлер) мүмкіндігі шектеулі адамдардың (нидноуэрлар) өмірін жеңілдететін құралдар, гаджеттер, прототиптер әзірлейді. Ал кәсіпкерлер нидноуэрлардың өмір сапасын жақсартуға арналған әлеуметтік жобаның идеяларын ұсына алады.

Makeathon TOM: Nur-Sultan деген не?
Жоба III кезеңнен тұрады:

I кезең – 11,12,13 Наурыз – Ideathon: командалар өз идеяларын жасап, таныстырады. Ideathon-ға қатысу марафонға одан әрі қатысу үшін сапалы идеяларды таңдауға көмектеседі (Нұр-сұлтан қаласындағы колледждер мен университеттер қатысады).

II кезең - 15 сәуір-PreTOM: командалардың нидноуэрлермен бірінші кездесуі, онда идеялар мен оларды прототипке енгізу тәсілдері пайда болады.

III кезең-15-18 мамыр-TOM: екінші кезеңнен кейін бір айдан соң командалардың кездесуі , өз жобасымен 72 сағаттық жұмыс. 18 мамыр - жюри алдында командалардың қорытынды прототиптерінің финалы мен тұсаукесері.
Конкурсқа қалай тiркелуге болады?
✅Өтінім қабылдау 2 наурыздан басталады және 1 сәуірде аяқталады.
✅6 сәуірде нәтижелері жарияланады.
✅Жарысқа тек Нұр-сұлтан қаласынан командалар қатыса алады.
✅Өтінімді командаға 3-тен 5 адамға дейін немесе жеке үміткерлерге беруге болады.
✅Жасы, кәсібі бойынша шектеулер жоқ.
✅Тамақтану, прототиптерді дайындауға арналған шығыстарды, құралдар мен материалдарды ұйымдастырушылар ұсынады.

Өтінімдерді қабылдайтын сайт: www.kazakhstan.tomglobal.org

Сұрақтар бойынша келесі байланыстарға хабарласыңыз:
+7(7172) 70 65 10
+7 702 199 81 99
+7 7172 26 60 23

fablab@nu.edu.kz
y.mnaidarova@tau-friends.kz

Тiркелу
Innovation cluster of Nazarbayev University
Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
nuris_cluster@nu.edu.kz