CREATIVE SPARK CASE COMPETITION НӘТИЖЕЛЕРІ
31 қазан мен 1 қараша аралығында DC Lab(NURIS) British Council және Loughborough University-мен бірлесе отыра НУстуденттері арасында «Creative Spark Case Competition» атты онлайн-жарысын өткізді.
2020 жыл біз үшін күтпеген тосын сый жасады. Оның қалай басталғандығы есіңізде ме? Біз өз мақсаттарымызды жүзеге асырып және әр түрлі жоспарлар құрдық. Бірақ кенеттен орын алған коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді бәсеңдете түсті. Дүние жүзіндегі адамдар жаппай алаңдаушылық және болашаққа деген сенімсіздікті сезінуде. Студенттер де бұл жағдайдан тыс қалған жоқ.

NU Institutional Research and Analytics's 'Fall 2020 Remote Learning Survey Report зерттеуіне сәйкес, студенттердің 70% -ға жуығы қорқыныш сезініп, ал 40 пайыздан астамы депрессияға ұшырап үлгерді. Бұған әлемдік статистика дәлел: студенттердің психикалық денсаулығы жылдан-жылға нашарлап, 5 жыл ішінде психикалық аурулардың саны 3 есеге өсті.
Осының бәрі ұйымдастырушылардың іс-шара тақырыбын таңдауға түрткі болды.

24 сағат ішінде қатысушылар НУ студенттерінің физикалық және психикалық саулығын қамқорлық мәдениетін дамыту бойынша өз ұсыныстарын әзірлеуге тапсырма алды.

Барлық идеяларды құрметті қазылар алқасы мүшелері бағалады:
  • Рахимов Бахтияр - DSA бас менеджері
  • Анарбек Өтеғұлов - Бизнес-инкубатор жетекшісі
  • Ерден Нұртаев - ПКО аға психологы
  • Руфия Омарова - ПКО психологы
  • Ольга Журавлева - ПКО психологы
Маңызды шарт: команда құрамында 2 гуманитарлық және техникалық мамандықтардың 2 студенті болуы тиіс. Жарысқа барлығы 27 команда қатысты.
Психология бағытындағы білімін арттыру және шешімдерін жақсарту мақсатында команда мүшелері үшін The University of Edinburgh және Johns Hopkins University түлегі, тәжірибелі психолог Айслу Ғабдулгафарованың семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Сайыстың маңызды статистикасы:
  • 108 қатысушы
  • 24 сағаттық жұмыс
  • 23 тың шешімдер
  • Жалпы сыйақы қоры £ 1000
Біз көптеген қызықты презентациялар алдық, олардың ішінен ең үздіктерді анықтау қиынға соқты. Ұзақ талқылаулардан кейін қазылар алқасы жеңімпаз ретінде SHOP TEAM командасын таңдады. Қатысушылар Джабраил Чумаков (SEDS), Санди Сейітжан (SEDS), Дайырхан Кокуш (SSH) және Мади Нурманов (SSH) тартымды визуалды компоненті бар ең креативті шешімді ұсынды.
ЖЕҢІПМПАЗДАР ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ТАМАШАЛАУ
НУ студенттерінің психикалық денсаулығын жақсарту жөніндегі іс-шараларды қамтитын және онлайн және оффлайн семестрде жүзеге асырылуы мүмкін платформа идеясы үшін жеңімпаздар British Council-дан £1000 алды.

Ұйымдастырушылар Dala командасының шығармашылығын атап өтті. Мұхамеджан Омар (SEDS), Жансұлтан Кеңесхан (SEDS), Темірлан Жоламан (SSH) және Мирас Бахытбек (SSH) DC Lab коворкингіне 1 жылдық абонемент ұтып алды.

Қазылар алқасы мүшелері кеңесіп жатқанда, ұйымдастырушылар қатысушылар конкурстан кейін сәл босаңсуы үшін қызықты фильм викторинасын өткізді. Сайыс жеңімпасы ретінде SSH студенті Абылай Абдрахманов танылып, DC Lab ұсынған эксклюзивті курсқа қатысу сертификатын қанжығасына байлады.

Өз кезегімізде, барлық командаларға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа мақсаттарға жете берулеріңізді, мықты психикалық және физикалық денсаулық тілейміз!
Орысша оқу
Ағылшынша оқу