CREATIVE SPARK CASE COMPETITION НӘТИЖЕЛЕРІ
8-9 мамырда DC Lab(NURIS) Mars Kazakhstan және Loughborough University-мен бірлесе отыра НУ студенттері арасында
«Creative Spark Case Competition»
атты онлайн-жарысын өткізді.
Case Competition осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып, алғаш рет халықаралық дәрежедегіMars компаниясымен серіктестікте өткізіліп отыр. Іс-шараға қатысушылар үй жануарларына арналған азық-түлік сегментіндегі клиенттермен жұмыс жөніндегі Mars қызметкерлерінің рөлін байқап көруге мәжбүр болды.

Олардың арсеналында креативтілік, сатылым бойынша деректер, командалық рух және сүйкімді мысықтардың суреттері бар.

Тапсырмаға сәйкес, супермаркеттер желісіне Whiskas брендінің айналымын арттыру қажет. Сонымен қатар, ұсыныста қызметтің 3 бағыты қамтылуы қажет: ассортимент, жарнамалық активация және сөрелерде презентация.

Идеяларды қазылар алқасының құрметті мүшелері бағалады:
  • Камилла Тілеужанова - корпоративтік байланыс бойынша сарапшы, Mars Wrigley CEAB & Түркия
  • Адалят Рахмаева - Іскерлік қаржы менеджері, Mars Wrigley CEAB және Түркия
  • Анарбек Утегулов - NURIS бизнес-инкубаторының директоры
Маңызды шарт: командалар құрамында гуманитарлық ғылымдардың 2 өкілі және техникалық мамандықтардың 2 студенті болуы керек. Жарысқа барлығы 25 команда қатысты.
Сайыстың маңызды статистикасы:
  • 100 қатысушы
  • 24 сағаттық жұмыс
  • 21 тың шешім
  • Жеңімпаздарға арналған 6 сериялы Apple Watch
Біз көптеген қызықты презентациялар алдық, олардың ішінен ең жақсысын таңдау қиынға соқты. Ұзақ талқылаулардан кейін қазылар алқасы жеңімпаз ретінде Another Creative Team name командасын таңдады.

  • Айгерим Сакенова (SSH)
  • Асемгуль Алпысбаева (SSH)
  • Аслан Сабыров (SEDS)
  • Темирлан Сарбупин (SEDS)
Олардың креативтілігі, тартымды презентациясы және шешімнің актуалдылығы барлығын таң қалдырды.
ЖЕҢІПМПАЗДАР ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ТАМАШАЛАУ
Жеңімпаздар өздерінің идеялары үшін Марс компаниясынан 4 Apple Watch 6 сериясын ұтып алды.

Қазылар алқасы мүшелері кеңесіп жатқанда, ұйымдастырушылар қатысушылар конкурстан кейін сәл босаңсуы үшін қызықты фильм викторинасын өткізді. Сайыс жеңімпасы ретінде Айнур Аймурзиева танылып, DC Lab ұсынған эксклюзивті курсқа қатысу сертификатын қанжығасына байлады.

Өз кезегімізде, барлық командаларға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жаңа мақсаттарға жете берулеріңізді, шексіз шығармашылық шабыт пен денсаулық тілейміз!
Орысша оқу
Read in English