Зияткерлік меншікті патенттеп қорғау
Біз зияткерлік меншікті қорғау семинарларын жалғастырамыз.

Ноу-хауды, өнертабысты, технологияларды қалай патентеуге болады, тіркеу үшін қандай юрисдикцияны таңдау керек, патенттеу процесінің қандай тәуекелдері мен артықшылықтары бар, ішкі нарықта және әлемдік деңгейде бизнесті қалай қорғау керек, осының барлығын NURIS коммерцияландыру кеңсесінің зияткерлік меншік менеджері, Еуразиялық және Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі-Толыбаев Жалғас айтып береді.

Өткізілу күні: 13 ақпан
Уақыты: 19:00
Мекен-жайы: Назарбаев Университеті, блок 7, каб.7е.329

Баяндамашы туралы:
Жалғастың зияткерлік меншікті қорғау саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. 2010 - 2017 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында және Еуразиялық патенттік ведомствосында (ЕАПҰ) Мәскеуде қызмет атқарды.

Семинарда сіз не үйренесіз:
▪ Патенттік құқық және оның түрлері
▪ Пайдалы модель
▪ Өнертабыс
▪ Өнеркәсіптік үлгі / дизайн
▪ Патент құқығы не береді;
▪ Дизайнді неден бастау керек;
▪ Патенттелген заттардың, объектілердің қандай түрі болуы мүмкін;
▪ Дизайнді неден бастау керек;
▪ Патенттелген заттардың, объектілердің қандай түрі болуы мүмкін;
▪ Патенттеу қанша тұрады, жыл сайынғы патенттік қызмет көрсету;
▪ Патент қанша уақыт сақталады;
▪ Қазақстан мен шет елдердегі патенттеу ерешеліктері;
▪ Басқа елдерде қорғауда жатқан құжаттарды қалай алуға болады;
▪ Өнертабыс авторы мен патент иеленушісі арасындағы қарым-қатынас;
▪ Авторлық келісім;
▪ Құқықтарды беру түрлері (лицензиялық келісімдер);
▪ Қызметтік өнертабыстар (автордың жұмыс берушіге қандай жағдайларда хабарлауы керек).
    Тiркелу
    Innovation cluster of Nazarbayev University
    Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
    Tel: +7 (7172) 70 66 43, 70 92 99
    nuris_cluster@nu.edu.kz