NURIS қазақстандық стартаптардың ғаламдық нарыққа шығуына себептесуде!
21 шілде күні NURIS стартаптарға арналған 8-ші бизнес-акселерация бағдарламасының қатысушыларына арнап «Ғаламдық инвесторлардан инвестицияларды тарту» атты вебинарын өткізді. Вебинар спикері ретінде –

Кремний аңғары US Market Access Center акселераторының тең жетекшісі - Крис Берри шақырылды. US Market Access Center акселераторы шетелдік стартаптарға ғаламдық нарыққа шығуда және АҚШ нарығына шығуға қолдау көрсетіп отыр.
Вебинар барысында спикер келесі тақырыптарды көтеріп, Кремний аңғары венчурлық қорларынан инвестициялар тарту сұрағына қатысты бірқатар кеңестер мен ұсынымдар берді:
Бірнеше раундты инвестициялар тартатын стартаптар воронкасы және стартаптардың қаншалықты аз пайызы ғана сәтті бола алатындары;
Кремний аңғарындағы инвестицияларды тартатын кәсіпкердің мінсіз портреті қандай және ғаламдық инвесторлардан инвестицияларды тартудың қаншалықты қиындығы;
Инвесторлар стартаптардан не күтуде;
Инвесторлар алдында стартаптар неғұрлым сенімді көріну үшін не істеу қажет;
Нарық мөлшері мен шешіліп жатқан мәселе өзектілігінің арақатынасы;
Қай жағдайларда стартаптар инвесторлар үшін қызығушылық тудырмайды;
Венчурлық инвестицияларды тартудың қадамдық нұсқаулығы;
Іскери періштелер мен венчурлық қорлар қалай жұмыс істейді;
Қазіргі венчурлық қорлардағы тенденциялар және т.б.
Вебинар соңында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға спикерден жауап алуға мүмкіндіктері болды.
Бұл Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері бағдарламаларының түлектерін, стартап-жобаларды сыртқы нарықтарға шығару бойынша шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі NURIS іс-шараларының бірі.
Read in English
Читать на русском