Құрметті НУ қауымдастығы!
NURIS жеке мекемесі сіздерді «Қазақстандағы көмірмен жұмыс істейтін электр жүйесі: проблемалар, шешімдер, даму болашағы» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Тiркелу
Конференцияның мақсаттары:
  • қолданыстағы және болашағы бар таза көмір технологияларын және оларды Қазақстанның энергетикалық жүйесінде қолдану мүмкіндігін талқылау;
  • іскерлік байланыстарды ұйымдастыру және орнату;
  • ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының, жылу-энергетикалық және көмір кешендерінің өнеркәсіптік кәсіпорындарының және басқа да кәсіпорындардың өзара іс-қимылы;
  • көмірді, тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ), ауылшаруашылық қалдықтарын, ағынды суларды және басқаларды өңдеу және жағудың перспективті технологияларын үйлестіру және енгізу.
Конференцияны ұйымдастырушылар: «НУРИС» ЖМ және «Самұрық Энерго» АҚ.
Өткізу күні мен уақыты: 2020 жылдың 27-28 ақпанында сағат 10.00-де.
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, пирамида шыны павильоны, 2-қабат.
Конференцияға қатысу үшін сілтеме бойынша 2020 жылдың 17 ақпанына дейін тіркелу керек.
Байланыс: Мадина Нургалиева 70 65 58 madina.nurgaliyeva@nu.edu.kz

Innovation cluster of Nazarbayev University
Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7 (7172) 70 66 43, 70 92 99
nuris_cluster@nu.edu.kz