Тәжірибелік – эксперименталдық цех
Пенопласты фигуралық кесуге арналған станок
Біздің NURIS MachineShop тәжірибелік-эксперименттік цехымыз тағы бір станокты іске қосты! Көбікті полистиролды (пенопласт) және кез-келген тығыздықтағы экструдталған полистиролды өңдеуге мүмкіндік беретін, сандық бағдарламалық түрде басқарылатын, жібі еркін қозғалатын, пенопласты фигуралық кесуге арналған станок.
Бұл станок кез келген күрделі формадағы пенопласттан жасалған бұйымдарды тез арада және ұқыпты түрде 3D кесуді жүзеге асырады.

Пенопласты 3D фигуралық кесу мыналарды жасау үшін қолданылады:
көлемді әріптер, логотиптер (3D логотиптер)
сыртқы және ішкі жарнамаға арналған маңдайшалар, жазулар
көрме стендтерін безендіру
декор элементтері, мысалы, театрға немесе киноға арналған декорациялар
P. O. P. сату нүктелеріне арналған
дисплейлертауар өнімінің муляждары, тақырыптық реквизиттер
сәулет саласындағы ауқымды модельдер
құбырларды, бағаналарды оқшаулау;
құрастырмалы темір-бетон конструкцияларының нысандары және т.б.
Бізбен ынтымақтасудың артықшылығы – тапсырысты орындау кезінде толық техникалық қолдау көрсету болып табылады, ол дайын өнімді дайындау мен жеткізу ғана емес, сонымен қатар шеф-қадағалауды, техникалық кеңес беруді және тапсырыс берушінің эскиздері бойынша қосалқы бөлшектерді келісуді қамтиды.
Егер идеяларыңыз бар болса, сіз machineshop@nu.edu.kz электрондық поштаға өтініш жібере отырып, әрқашан біздің менеджерлерден кеңес ала аласыз
Көбірек білу