ClimateLaunchpad - конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімінің арттырылуы
Құрметті НУ қауымдастығы, қалыптасқан жағдайларға байланысты, өтінім беру мерзімінің
28 наурызға дейін арттырылуы жайында хабарлаймыз!

Ойыңызда тұрақты даму жөнінде бизнес-жобаның идеясы болса, оны нақты бизнеске айналдырып, жаңа деңгейге шығуға дайын болсаңыз, Climate Launchpad конкурсына қатысуға асығыңыз. Дайын бизнес-жоспарыңыз жоқ, ал жобаңыз тек майлықтың үстінде жазылған идея деңгейінде болса да, уайымдамай конкурсқа қатысуға өтінім жіберіп, күшіңізді сынауға бел буыңыз.

Басым бағыттар:
  • Баламалы энергия
  • Жасыл ғимараттар
  • Су ресурстарын басқару
  • Қалдықтарды басқару
  • Өнеркәсіптік көлік
  • Жерді пайдаланушылық
  • Климат өзгерісіне қарсы басқа күрес әдістері
Конкурстың беретін мүмкіндіктері:
  • Интенсивті тренингтік сессиялар: Climate Launchpad компаниясынан келген арнайы бапкердің қатысуымен 2-күндік Boot Camp және 6 follow-up сессиялар;
  • Жобаға байланысты Университет пилотты алаң болуы мүмкін;
  • Топ-2 жоба Гранд-финалға тегін жолдамаға ие болады;
  • Гранд-финалдағы топ-10 идея 95 000 евро-ға дейін бөлінетін EIT Climate-KIC Accelerator акселерациялық бағдарламасына қол жеткізеді;
  • Гранд-финалдағы Топ-3 жоба қомақты сыйақы алады: Бірінші орын: 10 000 €; Екінші орын: 5 000 €; Үшінші орын: 2,500 € *
Конкурсқа қатысу үшін іріктеу талаптары:
  • Өз бизнесіңізді әлі бастаған жоқсыз (идея тек қағаз жүзінде болу мүмкін), немесе бизнесті ашқаныңызға бір жылдан асқан жоқ;
  • бизнес-идеяңыздың дамуына жалпы көлемінде 200 000 евродан астам қаржыландыру бөлінбеуі (жобаның жүзеге асырылуына венчурлық қаржыландыру бұрын-соңды алынбаған болу шарт);
  • бизнес-идея үшінші тараптың зияткерлік меншік құқығын бұзбау керек.
  • Өтінімдер 2020 жылдың 28 наурызына дейін қабылданады.
Толық ақпаратты келесі мекенжай арқылы https://climatelaunchpad.org/ таба аласыз немесе келесі адреске жазыңыз - motivibe@nu.edu.kz

Өтінім беру
Innovation cluster of Nazarbayev University
Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
nuris_cluster@nu.edu.kz