NURIS Fab Lab Unity3D арқылы ойындар жасау бойынша жаңа онлайн курсына шақырады.
Бұл курс ойындар құруды бастағысы келетіндерге, бірақ Unity3D дамыту ортасы және C# бағдарламалау туралы бастапқы білімдері жоқ адамдарға арналған.
Барлық сабақтар ZOOM-да онлайн режимінде болады, сабақтардың видеожазбасы электрондық поштаға жіберіледі. Telegram-да сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмаларын орындауға көмектесетін топ құрылады. Курс орыс тілінде өтеді.
Курстың ұзақтығы: 2 сағаттан 9 сабақ
Өткізу мерзімі: 2020 жылғы 26 тамыздан - 14 қыркүйекке дейін
Құны: 8 200 теңге