Innovation Cluster of Nazarbayev University
Digital Creativity Laboratory
Тіркелудің соңғы күндері!
Құрметті НУ студенттері!

Digital Creativity Laboratory Loughborough University және Mars Kazakhstan-мен
бірлесе отыра Университет студенттері арасында
Creative Spark Case Competition
кейс - сайысын өткізеді.
Іс-шара кәсіпкерлік дағдыларды және креативті экономиканы дамыту жөніндегі British Council бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ.
ЖЕҢІМПАЗ АТАН!
Mars Kazakhstan компаниясының арнайы жүлдесін еншілейтін үздік шешім авторлары қазылар алқасымен анықталады.
Қатысу шарттары
Өз командаңды жинақта
Маңызды шарт: топ жартылай гуманитарлық (SSH/GSPP/GSE/GSB) және жартылай техникалық (NUSOM/SEDS/SMG) мамандықта оқитын студенттерден құралуы тиіс.

Қатысу бакалавриат және магистратура студенттері үшін ашық.
Пайдалы іс-шаралардың куәгері атан
Іс-шара аясында арнайы воркшоптарға қатысып, кейс шешуді ұтымды ете түсетін менторлардың кеңестерін ала аласыз. Сондай-ақ, интерактивті викторинаның сұрақтарына жауап беру арқылы арнайы сыйлық иесі атануға болады.
Шынайы кейс шешу бойынша өз қабілетіңді сынап көр!
Кейс компанияда орын алған мәселені шешуге бағытталған. Ол конкурс күнінде жарияланбақ.
8-9 мамыр 2021 (сб-жб)
Басталуы: 9:30 (Нұр-Сұлтан уақыты)
Discord платформасындағы онлайн-шара
Командалар саны шектеулі!
Тіркеліп үлгер!

Тіркелуге арналған сілтеме
Читать на русском
English text