9 шілдеде NURIS Инновациялық кластерінде жетекші сарапшылар мен білім беру саласындағы табысты стартапшылардың қатысуымен «Edu tech: жаңа міндеттер, шешімдер мен мүмкіндіктер» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстанның әр қалаларынан 90-нан астам қатысушылар тіркелді.

Дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев ЕҰУ, Сулейман Демирел атындағы университет (СДУ), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, ҚБТУ, Халықаралық ІТ Университеті (Нұр-Сұлтан), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы) және басқа да білім беру саласындағы ұйымдардан тыңдаушылар қатысты.
Келесі спикерлер өз презентацияларын ұсынды:
Ольга Ивановна Можаева - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасының орынбасары.
Баяндама тақырыбы:
Қашықтықтан оқыту: өзгерістерге "қарсылық" және тәуекелдерді нивелирлеу.
Қанат Қожахмет - NARXOZ Университетінің Провосты, PhD.
Баяндама тақырыбы:
Пандемия - ЖОО трансформациясының сынағы.
Ricardo Bragança - Назарбаев Университетінің провостық кеңсесінде нұсқаулық дизайнері
Баяндама тақырыбы:Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оқытудың инновациялық стратегиялары пандемия кезінде педагогикалық ресурстарды кеңейтеді
Саясат Нұрбек - "BTS Education" бас директоры.
Баяндама тақырыбы:
Білім беруде цифрлық мәдениетті қалыптастыру
Айгерім Хафизова - "Edgravity" бас директоры, TechCamp онлайн оқыту бойынша халықаралық жаттықтырушы (Үндістан, Бразилия, Тайланд, Израиль), Google/INCO қашықтықтан оқыту бойынша кеңесші.
Баяндама тақырыбы:
Интернеттегі білім беру және оқушыларды ынталандыру: ғылым, кино және бизнестен не үйренуге болады.
Эндрью Нолан - 20 жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар білім беру саласындағы халықаралық сарапшы. Ұлттық марапатқа ие болған екі дүркін оқытушы, сондай-ақ технологияларды педагогикалық қолдану саласындағы халықаралық сарапшы.
Баяндама тақырыбы:
Болашақ технологиялар және оларды білім беру жүйесіне енгізу. Финляндия тәжірибесі.
Лаура Вайгорова - EdTech білім беру саласындағы Smartestprep компаниясының басшысы, әйелдер құқығы бойынша Aiyel Bolsam әлеуметтік жобаның негізін қалаушы.
Баяндама тақырыбы:
Интернеттегі оқыту жаһандық білімді жергілікті жерде қалай қолжетімді етеді.
Алина Абдрахманова - Geneva Business School Kazakhstan негізін қалаушы, in-VR - виртуалды шындықтағы стримингке арналған платформасыныңбірлеске негізін қалаушы және бас директоры.
Баяндама тақырыбы:
Виртуалды шындық: ойын немесе нақты болашақ?
Болат Сұлтанғазин -10 жылдан астам тәжірибесі бар сертификатталған стартап трекері; қазақстандық стартаптарға $ 1 млн астам қаражат тартты
Баяндама тақырыбы:
Онлайн режимінде емтихан сессиясын қалай тиімді өткізуге болады? "Aero" тәжірибесі.
Сонымен қатар, NURIS инновациялық кластері білім беру саласындағы стартаптардың дамуына қолдау көрсетудің өзіндік тәжірибесімен бөлісті және өзінің жаңа бастамасы - EdTech стартаптарын қолдау жөніндегі жеделдету бағдарламасын жариялады.

Қатысушылар онлайн режимінде спикерлерге өз сұрақтарын қойды, үлкен қызығушылық танытты, нәтижесінде қызу топтық пікірталас өтті.

Іс-шара барлығы үшін ашық болды. Дөңгелек үстел халықтың оң реакциясын тудырғанына және қызығушылық танытқан қатысушылардың үлкен аудиториясын жинағаны бізді қуантады.
Біз барлық қатысушыларға алғыс айтамыз және барлықтарыңызды келесі іс-шараларда күтеміз! Жаңалықтарды әлеуметтік желілердегі @nuris.cluster парақшаларымыздан жіберіп алмаңыздар!
Read in English
Читать на русском