Құрметті НУ қауымдастығы!

"Indiegogo"краудфандинг платформасында
өз науқанын бастаған Product Head Nommi-мен тікелей эфирді тыңдауға зауқы жоқ, алайда оның қысқаша мазмұнын оқып шығуды оңай көретіндерге дайджест дайындадық.

Хардвер стартапын, идеядан прототипке дейін қалай жасауға болады?
"Стартап идеясы әлі ешкім шешпеген немесе сапалы, не болмаса толық шешілмеген нақты проблемадан туындауы керек."
"Nommi өнімін жасау идеясы стартаптың негізін қалаушылар Алена Ткаченко мен Қайрат Ахметов шетелде интернетсіз қалған кезде кездестірген нақты проблемадан туындады. Бұдан әрі қарай команда өз гипотезасын сынақтан өткізіп, тексерді, бұл ретте осы кезеңде стартап "Өнім қандай мәселені шешеді", "Бұл проблема қаншалықты үлкен", "Проблема әлеуетті клиент үшін шынымен маңызды ма", "Сіздің әлеуетті клиентіңіз мәселені шешу үшін төлеуге дайын ба?", "Неліктен әлеуетті клиент сізге ақы төлейді" деген сұрақтарға жауап беруі керек еді."
Краудфандинг және Nommi компаниясының тәжірибесі туралы
Краудфандингтің негізгі мәні – менде сіздің проблемаңызды шешетін идея бар, ал сізде ақша бар ма, онда бір-бірімізге көмектесейік.

Жобаны краудфандинг платформаларына шығару мақсатын нақты анықтау маңызды. Nommi үшін краудфандинг американдық нарыққа шығудың тәсілі болды.

2 үлкен краудфандинг платформа бар, бұл KickStarter және Indiegogo.
Бұл алаңдар арасында бірқатар айырмашылықтар бар:
№1 айырмашылық.

Бэккерлер мен БАҚ-тың Indiedogo-ға қарағанда, KickStarter-ге сенім білдіру деңгейі жоғары, өйткені платформаға тек жұмыс прототипімен кіруге болады және сайтта өтініштерді адам береді.

Indiegogo-да прототипсіз идеямен кіруге болады. Платформадағы модерация процесі автоматтандырылған.

Nommi тәжірибесі: бұл айырмашылық Nommi Indiegogo-ға келген себептердің бірі. Науқан басталған кезде Nommi proof of concept сатысында прототипке ие болды (яғни прототип сатуға дайын емес). Науқанның басталуына арналған өнімнің фотосуреттері Photoshop-та жасалды.
№2 айырмашылық.

Indiegogo-да маркетингі пен жаңалықтар топтамасы KickStarter-ге қарағанда күшті берілген. Бэккеррлердің email мекенжайлары қолжетімді, ретартинг үшін Pixel қосылуына мүмкіндік бар.
№3 айырмашылық.

На KickStarter механика сбора средств фиксирована. Если указанная при старте сумма не набрана, то KickStarter деньги не отдает. На Indiegogo есть возможность выбора между фиксированной и гибкой системой сбора средств. Т.е. забираете все, что заработаете.
Періштелік инвестициялар немесе краудфандинг платформалары
Краудфандинг платформаларына шығу – миллиондаған ақша табу тәсілі деген аңыз бар. Бірақ компаниялардың жартысынан көбі 10 000$ көлемінде краудфандингтен ақша табатындығы туралы статистиканы білген жөн.

1%-дан аз компаниялар 100 000$-дан көп ақша табады, ал 0,1%-дан азы 1 миллион доллардан көп ақша таба алады.

Краудфандингтегі трендтік науқандарға кіру үшін науқан басталғаннан бастап алғашқы 3 күнде мәлімделген соманың 40%-дан астамын жинау керек. Мұны істеу үшін сіз өз аудиторияңызды краудфандингке шыққанға дейін жинауыңыз керек, ол үшін сізге платформада басталғанға дейін есептеліп, бюджет қажет.
Халықаралық сарапшыларды
тарту туралы
Nommi Indiegogo-да бастау үшін американдық жарнама агенттігін тартты. Олар украиндық компаниямен өнімнің өнеркәсіптік дизайнында жұмыс істеді, ал өнім өндірісі Қытайда болды. Бұл ретте Қазақстанда өнім әзірленді.
Краудфандинг платформасына бағытталған бастаушы стартапшыларға арналған кеңес
Бейне таспаға үнемдемеңіз, алғашқы 5 секунд бәрін шешеді. Осы уақыт ішінде сіз әлеуетті бэккерді "ұстап" алуыңыз керек.
Сіздің өніміңіз шешетін мәселе туралы бірден айтыңыз.
Мәлімделген алым сомасын төмендетіңіз.
Осылайша аудиторияның сіздің өніміңізге деген сенімі артады.
Краудфандинг платформалары – көп ақша табудың тәсілі емес.
Мұндай алаңдарға кіру халықаралық нарықтарға шығуға көмектеседі және жобаны алға жылжытудың өте жақсы тәсілі болып табылады.
Бейнежазбаны қарау
Read in English
Читать на русском