Достар!
British Council-дың креативті экономика және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламасы аясында
Digital Creativity Lab(NURIS)
ұйымдастыруымен
цифрлік маркетинг бағытындағы
«Markethon 4.0» атты сайысы өтеді.

Markethon 4.0 туралы
Markethon — ірі компаниялардың
маркетингтік кейстерін шешу үшін шығармашыл, тың ойлау қабілетіне ие адамдарды біріктіретін жыл сайынғы 24 сағаттық хакатон.
Markethon 4.0 бағыттары
Графикалық және Motion дизайн
Мысалы: логотип, корпоративтік дизайн, өнім қаптамасының дизайны, анимациялық дизайн және т.б
Маркетингтік стратегия
Мысалы: сатылымды арттыру, жарнамалық науқан, жағымды имидж қалыптастыру
UI/UX Web дизайн
Мысалы: веб-сайтты өңдеу, қосымша құрастыру, интерфейс жасау
Кейстерді ұсынған компаниялар
FORTE BANK
отандық қаржы нарығында 20 жылдан астам табысты қызмет етіп келе жатқан озық банктердің бірі. Банктың жүйесі 20 филиал мен 100-ден астам бөлімшелерге ие.
INVICTUS FITNESS
Қазақстан фитнес-нарығындағы көшбасшыларының бірі. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы автоматтандырылған заманауи жабдықтамасы, авторлық топтық бағдарламалары бар.
QAZAQ REPUBLIC
заманауи қазақстандық айдентиканы қалыптастыратын отандық киім және сувенирлық өнімдер бренді. Әлемнің түкпір түкпірінде Qazaq Republic танымал әрі сұранысқа ие.
Қатысушыларға арналған мүмкіндіктер:
Ақшалай ұтыстар мен бағалы сыйлықтар. Жүлделік қор 3 000 000 теңгеден аспақ
Шығармашыл индустрия мамандарымен өзара тәжірибе алмасу
Қысқа мерзім ішінде ірі компаниялар ұсынған жобалармен жұмыс тәжірибесі
5-6 желтоқсан, 2020
ZOOM платформасындағы Online-шара
Тіркелу жарнасы:
Жеке қатысушыларға - 1000KZT
Командаларға - 3000 KZT

ТІРКЕЛУ
Толық ақпарат біздің әлеуметтік желілерде және іс-шара сайтында
https://markethon.kz/