MOTION дизайн бойынша практикалық онлайн курсы
Құрметті НУ қызметкерлері мен студенттері!

Біз анимация жасауды армандаған, бірақ қандай да бір себептермен батылы жетпеген барлық адамдар үшін MOTION-дизайн онлайн курсын іске қосамыз.

Біз практикалық курсты дайындадық, сол себепті курс
жаңадан бастаушыларға да жарайды. Үй тапсырмалары мен кері байланыстардың көп болатыны соншалық, сізге үйренуден басқа ештеңе қалмайды.
Оқытушы - @kanat_nurkanov, Glitch Animation Lab негізін қалаушы. Оның дизайн студиясында Audi, Kaspersky, Sanofi және басқалары үшін керемет жобалар бар.
Сізге курсты өту үшін не қажет:
Motion дизайн әлемін игеруге деген ұмтылыс;
2021 жылдың 26 ақпанынан 26 наурызына дейін бос уақыт;
Adobe Photoshop, Illustrator және After Effects бар Ноутбук немесе компьютер.
Сізді курста не күтеді?
15 бейне сабақ;
үй тапсырмалары;
тренерден тұрақты фидбэк;
соңғы жобаны қорғау;
және, әрине, түйіндемеңізге қоса алатын NURIS DC LAB ресми сертификат.
Сіз курста не үйренесіз?
Сілтемелерді біріктіру және сюжеттік тақтамен жұмыс істеуді;
Анимациялар жасау мен көріністерді иллюстрациялауды;
Қазіргі трендтерді қадағалау және оларды өз жұмыстарында пайдалануды;
Сюжеттік анимацияны игересіз;
Бейне өндірісі мен саунд-дизайнды игересіз.
Курсқа қалай жазылуға болады?
Сілтеме бойынша өтіңіз:
Онлайн курсты сатып алу
Курс құны: 18 200 теңге

Курс бір ай бойы жалғасады:
26 ақпаннан 26-шы наурызға дейін.

Асығыңыз, өйткені курс тек 30 адамға арналған!
Читать на русском
Read in English