2021 жылы NURIS-ке 10 жыл. Назарбаев Университетінің NURIS инновациялық кластері дегеніміз не? Ол университеттер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар мен компаниялар үшін несімен пайдалы?
Стартаптарды әртүрлі кезеңдерде қолдау бағдарламаларын жүргізуде белгілі бір тәжірибе жинақтап, біз оны университеттерге, бизнес-инкубаторларға, инновациялық орталықтар мен барлық мүдделі әріптестерге арналған "Назарбаев Университетіндегі стартап-экожүйені дамыту: NURIS тәжірибесі" тақырыбындағы онлайн-семинар форматында бөлісуге бел будық.
Қашықтан басқару режиміне көшу көбісі үшін, соның ішінде біз үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты.

2020 жылдың маусымынан бастап NURIS Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін бизнес-инкубациялау бағдарламасын ABC Incubation және Tech Central Asia Орталық Азия өңіріне арналған инкубациялау бағдарламасын стартаптарды дамытудың бір ауқымды онлайн-бағдарламасына біріктірді, бұл бағдарлама Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ басқа елдерден ниет білдіргендердің барлығына қатысуға және өз стартапын құруға мүмкіндік берді.

Осылайша, соңғы 1,5 жыл ішінде біздің бағдарламалардың қатысушылары Франция, Англия, АҚШ, Сингапур, Германия, Ресей, Қырғызстан және басқа елдердің тұрғындары болды.
Сіздерді қандай спикерлер күтуде?
Бағдарлама:
15:10

Назарбаев Университеті» ДБҰ инновациялық кластері» - даму элементтері мен кезеңдері
Дарибаев Абзал
15:25

Инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысушы жобалардың негізін қалыптастыру
Утегулов Анарбек
15:45

Бизнес-инкубациялау бағдарламасы. Қатысушылардың кейстері: Aero, Okoo, Qmobot, Talentli
Упашева Асылжан
16:05

Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін корпоративтік акселерация бағдарламаларын өткізу
Абдрасилов Бауыржан
16:20

Сұрақ-жауап сессиясы
Семинарда біз сізге келесі туралы баяндаймыз:
Инновациялық кластер дамуының элементтері мен кезеңдері туралы;
Инкубация және акселерация бағдарламаларына қатысушы жобалардың негізі қалай құрылатыны туралы;
Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін корпоративтік акселерация туралы;
Біздің бағдарламаларымыздың табысты қатысушыларының жағдайлары туралы;
Біздің ABC-I2BF Seed Fund бірлескен венчурлық қорымыздың жұмысы туралы;
Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз және ынтымақтастықтың болуы мүмкін форматтарын талқылаймыз.
3 қыркүйек 2021ж., сағат 15:00
Семинар барлық қатысқысы келетіндер үшін ашық.

Қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша міндетті түрде алдын ала тіркелу қажет:
ТІРКЕЛУ
NURIS туралы толығырақ
Читать на русском