2021 жылғы 13 шілдеде ROTOBO жапондық қауымдастығымен бірлесіп, NURIS Инновациялық кластері ұйымдастырған "Kazakhstan Startup Pitch Day" іс-шарасы өтті.
Алты перспективті стартап инвесторлар мен ірі жапондық компаниялардың өкілдері алдында өз жобаларын таныстырды.
Стартап-жобалардың негізін қалаушылар Live режимінде өздерінің инновациялық шешімдері туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Онлайн питч сессияда NURIS атынан бизнес-акселератор жетекшісі Анарбек Өтеғұлов Назарбаев Университетінің инновациялық кластері туралы презентациясымен сөз сөйледі.
NURIS инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларынан өткен 10 жоба, сондай-ақ Назарбаев Университетінің оқытушы-профессорлар құрамы іске асыратын жобалар Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда жөніндегі (ROTOBO) жапондық қауымдастығымен ынтымақтастық шеңберінде ірі жапондық компаниялар өкілдерінің алдында "Kazakhstan Startup Pitch Day" онлайн питч сессиясына қатысу үшін іріктеліп алынды.

8-23 маусым аралығында жапондық компаниялардың алдында презентациялар дайындау мақсатында әрбір стартап-жобаның жапондық сарапшылармен жеке менторлық кездесулері өтті.
Осылайша, бірлескен жұмыс нәтижесінде келесі 6 стартап-жоба "Kazakhstan Startup Pitch Day" онлайн питч сессиясында таныстырылды:
Teacherslab
Авторлық оқыту материалдарын сатуға және сатып алуға мүмкіндік беретін, мұғалімдерге арналған маркетплейс.
Okoo
Оқытуды дербестендіру үшін жасанды интеллектпен бағдарламалау жөніндегі интерактивті онлайн-білім беру платформасы.
Optoculus
Күрделі объектілердің шекарасын қорғау және мониторинг жүйесі.
Emotion
Қатысушылармен барынша тиімді қарым-қатынас жасау және қолдау арқылы әртүрлі тақырыптық «шақыруларға» қатыса отырып, пайдаланушыларды мақсаттары мен мүдделері бойынша біріктіретін онлайн-платформа.
Opusplace
Офисті басқарудың бірыңғай платформасы: офистік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден бизнестік кез келген қажеттіліктеріне дейін.
HCF
Көмірді арзан, экологиялық таза әрі газ бен көмірге қарағанда энергетикалық құндылығы жоғары, сұйық гидрогенделген отынға ауыстыру.
2021 жылғы 19-23 шілде аралығында жапондық инвесторлар мен бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырған стартап-жобалар одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігін талқылау мақсатында онлайн режимінде іскерлік кездесуге мүмкіндік алады.
Бұл Назарбаев университетінің инновациялық кластері бағдарламаларының түлектерін, стартап-жобаларды сыртқы нарықтарға шығару бойынша шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі NURIS іс-шараларының бірі.
Kazakhstan Startup Pitch Day Ресей, ТМД және Жапонияның IT саласындағы өзара іс-қимылын қолдайтын бірегей платформасы болып табылатын SAMI компаниясының көмегімен өткізілді.
Read in English
Читать на русском