Құрметті Назарбаев Университеті қауымдастығы!

Пресс-қалыптардың көмегімен қорғаныш бетперделерінің сериялық өндірісін ретке келтіре отырып, Назарбаев Университетінің инновациялық кластері (NURIS) COVID-19 пандемиясымен күреске өз үлесін қосады.

Маусым айының басында бетперделер Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалаларындағы өткір қажеттілік бар медициналық мекемелер мен бөлімшелерге тапсырылды.

Әзірлеп, шығарумен NURIS Machine Shop қызметкерлері Еркін Бектасов, Тілеген Бекзат, Ибрагимов Раниль, Маликов Нұржан, Сидоров Андрей және ИТҚ қызметкерлері Шәріпов Асқар мен Мәкенов Талғат айналысты. Біз оларға пандемия кезеңіндегі қосқан үлесі мен маңызды жұмысы үшін алғыс айтамыз.

Қорғаныш құралдарымен жұмыс . кезеңнен тұрды:
1 кезең. Пресс-қалыпқа арналған 3D модель жасау

Siemens NX заманауи CAD үш өлшемді модельдеу кешенін қолдана отырып, дизайн бөлімі пластиктен жасалған қорғаныш экранын құю үшін пресс-қалыптың 3D үлгісін жасады. Құю материалы-полипропилен. Оның сипаттамалары қорғаныш экраны үшін мінсіз түрде сай келеді. Осыдан кейін 3D моделі 5-осьтік DMU-50 станогында жасалуы үшін инженер-технологқа берілді.
2 кезең. Пресс-қалып дайындау

DMU-50 моделінің СББ 5 координаттық өңдеу орталығына арналған алдын-ала басқару бағдарламасы жазылды.

Бағдарламаны осы орталыққа жүктегеннен кейін қалыңдығы 30 мм алюминий табақ пен құрал орнатылады, содан кейін бөлікті жоғары дәлдікпен өңдеу жүзеге асырылады.

Пресс-қалып дайындалғаннан кейін бақылау өлшемдері жүргізіледі.
3 кезең. Термопластавтоматта қалыптарды сынау

Пресс-қалып сынақ термопластавтоматта жүргізілді. Алғашқы сынақтар кемшіліктерді көрсетті: шеткі нүктелерде толтырудың жеткіліксіздігі; кейбір жерлерде бөлшектерді қалыптан алу үшін көлбеу бұрыштың жеткіліксіздігі; бөлшектерді қалыптан қолмен шығару іс жүзінде мүмкін емес-механикалық итергіш жасау керек; итергіштің пресс-қалыпты ашқан кезде тірелетін жері жоқ, термопластавтоматқа қосымша бағыттағыштар мен реттелетін тірек орнату қажет.

Сынақтардан кейін пресс-қалып қайта қарап, зерделеуге жіберілді.
4 кезең. Пресс-форманы толықтырып жасау

Толықтырып жасап шығару процессі оңай болған жоқ-DMU-50 машинасында қалыптарды қайта орнату қажет болды. Сонымен қатар, механикалық итергіш дайындалды.

Нәтижесінде, механикалық итергішпен жиналған қалыптың дизайны соңғы сынақтарға дайын болды.
5 кезең. Пресс-қалыпты бақылау сынақтары

Бақылау сынақтары термопластавтоматта қажетті режимде жүргізілді. Пластик салынып, бояғыш қосқаннан кейін құю процесі басталды.

Бүкіл құю процесі тұрақты өтіп, дайын бөлшектер бірінен соң бірі алына бастады. Үлгілерді өлшеу оның өлшемдерінің дайын бөліктің сызбасына сәйкес келетінін көрсетті. ⠀

Дегенмен бұл соңы болмады! Қорғаныш бетпердесінің қақпағы үшін тағы бір қалып жасалуы қажет болды.
6 кезең. Қорғаныш бетпердесінің қақпағына арналған пресс-қалыптарды дайындау және сынау.

Бірінші пресс-қалып дайындалғаннан кейін біз барлық технологиялық процесті ескеріп, бұл қысқа мерзімде екінші пресс-қалыпты жасап шығаруға мүмкіндік берді. Қақпақтың пресс-қалыбын өңдеу мен жасау процессі бірінші пресс-қалыпты жасау процессіне ұқсайды. Станокта пресс-қалып дайындалып болғаннан кейін қажетті өлшеулер мен сынақтар жүргізілді.
7 кезең. Қорғаныш бетпердесін құрастыру ⠀

Барлық компоненттер түгел жасалды: мөлдір бетперде парақтары Epilog Laser ' s Fusion лазерлі нақыштама машинасында кесілді, жиек пен қақпақтар термопластавтоматта полипропиленнен құйылған, серпімді резинкалары шаблон бойынша кесілген.

Әрі қарай-медициналық мекемелерге жіберу үшін қорғаныш бетперделерін жинау және орау.
Бүгінгі таңда 580 қорғаныш бетперде жасалды. Қорғаныш бетперделеріне деген қажеттілік артып келеді, осыған байланысты дайын жеке қорғаныш құралдарын жасау, жинау және жеткізу процесі жалғасуда.

Machine Shop NURIS ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған тәжірибелік жабдықтарды, сондай-ақ инновациялық өнімдердің прототиптерін жобалау және өндіру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Егер сізде идея бар болса, сіз әрқашан біздің менеджерлерден кеңес алу үшін machineshop@nu.edu.kz почтасына өтінім жібере аласыз.



Read in English
Читать на русском
Innovation cluster of Nazarbayev University

Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43, 92 99
nuris_cluster@nu.edu.kz