Құрметті НУ қауымдастығы!

Сіздерге кезекті Quick Start VIII акселерация бағдарламасының аяқталғаны туралы хабарлаймыз.

Бағдарлама 8 аптаға созылып, онлайн форматта өткізілді. Бағдарламаның соңында 5 тамызда біздің түлектеріміз үшін «Investor Pitch Day» Демо күні өткізілді, стартаптар инвесторлар алдында сөз сөйлеп, өз нәтижелерімен, сондай-ақ жетістіктерімен бөлісті.

Investor Pitch Day-де инвесторлар стартаптармен танысты, кері байланыспен және біздің түлектеріміз үшін пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, Демо күнге NURIS Бизнес Періштелер Мектебінің түлектері қатысты.
«Quick Start VIII» акселерация бағдарламасының түлектері:
QFit – фитнес-клубтарға кіру төлемін минуттап төлеу сервисі.
Recordo.me – марафондардан бастапқы нөмір бойынша фото іздеуге арналған AI сервисі.
SarqytApp – сүйікті мейрамханалардан, кафелер мен дүкендерден тағамдарды жеңілдікпен сатып алуға арналған қосымша.
VOCA.CC – демалыс турларына жазылудың онлайн-сервисі.
WorkTap.kz – фриланс-қызметтердің маркетплейсі мен биржасы.
UvU International – балаларды қауіпсіз тасымалдау сервисі.
Oquda – шетелдік университеттерге студенттерді қабылдау индустриясындағы алғашқы Market Network платформасы.
VEDOM – аяқ киім (sneakers) және олар туралы толық ақпарат іздеу жүйесі.
Q Bazar – азық-түлікті үйге мобильді жеткізу қызметі.
Bilimber – геймификациясы бар университеттің қабылдау емтихандарына дайындалуға арналған қосымша.
Біздің қонақтарымыз – инвесторлар:
Акселерацияның алдыңғы бағдарламаларының түлектері шақырылған спикерлер ретінде сөз сөйледі. Командалар жобалар бойынша ілгерілеуді, тартылған инвестициялар және атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, сондай-ақ жақын болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
«Quick Start VIII» акселерация бағдарламасының түлектері:
Recruit.ai – жұмысқа үміткерлерді автоматты түрде іріктеуге арналған рекрутингтік платформа.
Egistic – басқарушылық шешімдер қабылдау үшін егіс алқаптарын мониторингтеудің онлайн платформасы.
Proportunity – коммерциялық жылжымайтын мүлікке ұжымдық инвестициялар сервисі.
Emote – қалаған сыйлықтардың тізімін жасауға және оны жақын адамдармен бөлісуге арналған онлайн платформа.
Begame – қазіргі заманғы бейне ойындарды «әлсіз» компьютерлерде ойнауға мүмкіндік беретін бұлтты ойын алаңы.
NURIS стартаптарды қолдау мақсатында стартаптарға seed-қаржыландыруды ұсынады.
Жобаларды тыңдау қорытындысы бойынша «SarqytApp» стартапы NURIS-тен өнімді одан әрі дамытуға 15 500 000 теңге көлемінде seed-қаржыландыру алды.
Барлық командаларды QuickStart VIII акселерация бағдарламасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және жемісті еңбек пен кең мүмкіндіктер тілейміз.
Назарбаев Университеті Инновациялық кластерінің бизнес-акселератор командасы осы күзде QuickStart акселерациясының 9-бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Барлық жаңалықтар NURIS парақшасында жарияланады.

Бағдарлама және қатысу шарттары туралы толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан таба аласыз:
Толығырақ білу
Стартапты бізбен бірге дамытыңыз!
Читать на русском
Read in English