Бізде жаңа рекорд!
ABC INCUBATION x TCA 2.0-де 399 қатысушы:
288 жоба мен 111 талант!

Құрметті НУ қауымдастығы!

«Шелл Казахстан» компаниясының Shell LiveWIRE кәсіпкерлікті дамыту жаһандық бағдарламасы қолдауымен өтіп жатқан
ABC INCUBATION x TCA 2.0 бағдарламасының 2-кезеңіне стартаптарды іріктеу нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымыз.
Біз ABC Incubation x TCA 2.0 бағдарламасына 288 өтінім қабылдадық. Бағдарламаның 1-кезеңіне 165 жоба іріктелді, оларға 10 күн бойы әр түрлі вебинарлар мен практикалық тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың нәтижесінде, қазылар алдында 100 жоба ұсынылды.

Қазылардың бағалауы негізінде, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ABC Incubation X TCA 2.0 2 - кезеңге 42 жоба іріктелді. Сонымен қоса, Назарбаев Университетінің Жоғарғы Бизнес Мектебімен жасалған келісім негізінде бағдарламаның 2-кезеңіне Назарбаев Университетінің бакалавр студенттеріне арналған "BUS101" курсы аясындағы бизнес-жобалар конкурсында жеңімпаз атанған BosPlace жобасы жолдама алды. Яғни олар 43-стартап ретінде бағдарлама қатысушысы болып табылады.
Жобалардың сипаттамасы:
Бағдарламаның 2-кезеңінен өткен стартапшылардың арасында:
1 Назарбаев Университетінің қызметкері;
13 Назарбаев Университеті студенттері мен түлектері;
11 басқа ЖОО-лардың студенттері;
10 кәсіпкер;
5 жалданған жұмыскерлер;
3 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары.
Жас санаты бойынша қатысушылардың көп бөлігі 20-24 жас аралығында, одан әрі 8 стартапшы 30 - 35 жаста, 7-і 20 жасқа дейін, қатысушылардың 5-і 25-30 жаста және 4-і 35+ жаста.
12 аптадан кейін ең жақсы идеялар нақты бизнесте іске асырылады!
Біздің жаңалықтарымызды қадағалап оқып отырыңыздар - біз әр стартаптың жетістіктерімен бөлісеміз.
Read in English
Читать на русском