1.0 Іскери періштелер мектебінің нәтижелері
Құрметті НУ қауымдастығы!

Біз НУ Жоғары Бизнес Мектебі түлектері қауымдастығымен бірлесіп өткізген
Бизнес-періштелер мектебінің алғашқы ағымының аяқталғаны туралы қуана хабарлаймыз.

5-9 қазан аралығындағы 5-күндік курс бизнес-періште инвестицияларына арналды.
Мектеп спикерлері немен бөлісті?
Мектеп спикерлері мына салалардағы білімдерімен және сараптамаларымен бөлісті:
венчурлық капитал негіздері;
заң аспектілері;
пайплайн мәмілелері;
инвестициялық стратегия;
due diligence
экзиттер мен бизнес-кейстер.
Курс барысында сондай-ақ Feedback-сессиясына қатысуға мүмкіндік болды, онда NURIS стартаптары әлеуетті бизнес-періштелерге өз таныстырылымдарын ұсынды және олардан кері байланыс алды.
Сонымен қатар, курс аяқталғаннан кейін Мектеп тыңдаушылары NURIS инкубация және акселерация бағдарламаларының Demo Day стартаптарына қатысып, алған білімдерін практикада қолдану арқылы бекітуге мүмкіндік алды.
Баршаңызға қатысқаныңыз үшін
алғыс айтамыз!
Бизнес періштелер мектебінің келесі ағымы туралы жаңалықтарды біздің Инстаграм парақшамыз бен сайтымыздан оқып отырыңыз.
Instagram
Мектеп сайты
Читать на русском
Read in English