Зерттеуден бизнеске қадам жасаңыз!
MSC/PhD студенттерінің, постдокторанттар мен STEM саласындағы жас ғалымдардың назарына!

Арнайы сіздер үшін біз SciTech BootCamp 2.0 технологиялық кәсіпкерліктің екінші онлайн мектебінің ашылуын жариялаймыз!
Сізде идея және оны жүзеге асыруға шешім бар ма? Nuris Cluster-де сіздің идеяңызды жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін мүмкіндік бар!
SciTech Bootcamp 2.0 бағдарламасы сіздің бизнесіңізді қалай бастау керектігін түсінуге, идеяңыздың өміршеңдігін тексеруге, бизнесті сәтті бастау және дамыту, сонымен қатар команда құру үшін қажетті кәсіпкерлік ақыл-ой мен негізгі дағдыларды игеруге көмектеседі.

SciTech Bootcamp 2.0 - бұл технологиялық кәсіпкерлік және STEM саласындағы магистранттар мен докторанттар үшін бизнес-идеяларды генерациялау бойынша 2 апталық интенсив.
2 апталық курстан өтіп, сіз не аласыз?
Бизнес-идеяларды құруды және табуды үйренесіз.
Идеяңыздың өміршеңдігін тексеруді үйренесіз.
Әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізуді үйренесіз.
Клиент үшін құндылықпен алғашқы сатылымды жасауға көмектесетін стратегияларды білесіз.
Жеке стартапты қалай жылжыту керектігін білесіз.
Бірлескен құрылтайшының не үшін қажет екенін және оны қалай табуға болатындығын түсінесіз.
Бірлескен құрылтайшылар арасында акцияларды қалай дұрыс бөлуге болатындығын білесіз.
Идеяңыз өскен сайын көмек алу үшін қандай ресурстар бар екенін білесіз
Жаңа бизнес-идеяны жасайсыз немесе бар идеяны аяқтайсыз.
Шабыттанып, әрекет етуге дайын болып кетесіз.
Сондай-ақ, сізде SciTech BootCamp 2.0 бағдарламасында нақты бизнес иелері мен стартаптардан тікелей практикалық кеңестер алудың бірегей мүмкіндігі болады:
Спикерлер кімдер?
Арман Сүлейменов
Factorial School мектебінің негізін қалаушы. Hora.AI / Zero To One Labs / nFactorial Incubator-дың бірлескен негізін қалаушы. «Компьютерлік ғылымдар» мамандығы бойынша Purdue University (2010), Princeton University (2012) түлегі.
Әсет Ахметов
Korkem Telecom компаниясының негізін қалаушы.
Әділет Елеусов
Teachers Lab компаниясының негізін қалаушы.
Рула Райм
Froot.kz компаниясының негізін қалаушы.
Кенжеғали Нұрғалиев
Алғашқы қазақстандық білім беру роботын өндіруші Qmobot компаниясының басшысы.
Бауыржан Оспан
Cleverest Technologies - Өнеркәсіптік автоматтандыру, робот техникасы және IT-жүйелер бойынша алғашқы қазақстандық конструкторлық бюросының басшысы.
Дінмұхамед Жүнісов
ОКОО компаниясының негізін қалаушы және басшысы.

Әділ Суранчин
UTUTOR, Orbi компаниясының басшысы.
Анарбек Өтеғулов
Инвестициялар тарту сатысында стартаптарды қолдаумен айналысатын NURIS Cluster бизнес-акселераторының бастығы.
Асылжан Упашева
Идея сатысында стартаптарды қолдаумен айналысатын NURIS Cluster бизнес-инкубаторының бастығы
Еркебұлан Баймұхамбетов
Инновациялық қоғамдастықпен жұмыс жөніндегі офистің аға менеджері.
Арнагүл Қабыкен
NURIS Cluster бизнес-инкубаторының менеджері.
Кемал Бакиров
NURIS Cluster бизнес-инкубаторының менеджері.
Күні: 2021 жылдың
29 наурызы - 08 сәуірі аралығында
Тіркеу ашық! Сілтеме бойынша өтіңіз. Тіркелу 25 наурызға дейін жалғасады.
ТІРКЕЛУ
Құны: ТЕГІН

Толық курсты тыңдаған қатысушыларға
сертификат беріледі.

Асығыңыз! Орындар саны шектеулі.

Толығырақ білу
Ұйымдастырушылар толтырылған тіркеу нысаны негізінде өткізілетін қатысушыларды іріктеу құқығын өздеріне қалдырады.


❓ Сұрақтарыңыз бар ма? motivibe@nu.edu.kz.-ке жазыңыздар

Курс NURIS CLUSTER платформасында өтеді.
Read in English
Читать на русском