Табыс кілті:
біздің жас стартап туралы

Үйден шықпай
роботты қалай жасауға болады?!


Біздің стартапшыларымыз Бауыржан Оспан мен Кенжеғали Нұрғалиев әзірлеген виртуалды көмекші
Сізге үйретеді.

Құрметті НУ қауымдастығы!

Біз сіздермен бизнес-акселерация бағдарламасының түлегінен алған жаңалықпен бөлісуге асығамыз.
Бауыржан мен Кенжеғали, ең бастысы, NURIS менторлары шығарған алғашқы стартапшылардың бірі Qmobot кешенді платформасының негізін қалаушылары болып табылады.
Жас өнертапқыштар барлаушы роботтарды, гидтерді, әскерилендірілген роботтарды және т. б. құрды, бірақ отандық нарық үшін ғана емес, ТМД елдері үшін де ең танымал және озығы – бұл "Қазпошта" тапсырысы бойынша әзірленген пошташы-робот жобасы
Осы платформаның арқасында кез келген адам
1 жылдан аз уақыт ішінде бағдарламалау тілдерін үйреніп, "Qmobot" әмбебап робот-конструкторының көмегімен өз роботын жасай алады.

Яғни, Qmobot "барлығы қосылған" ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Бұл қазақ және орыс тілдеріндегі өнімнен және оқыту бағдарламасынан тұратын сервис.
Бұл платформа кімге лайықты?
Робот техникасы мен IT-да кәсіби білім мен дағдыларға ие болғысы келетіндердің барлығына.
Жалпы алғанда, курс жоғары сынып оқушылары мен студенттерге бағытталған, бірақ жас ерекшеліктеріне қатаң шектеулер жоқ.
Әзірлеушілердің айтуынша, егер бала робот техникасына құмар болып, осы салаға бейімделсе, платформаны игере алады.
Qmobot веб-сайты
«Біз арнайы әзірленген кітапханаларды – нөлден жазудың қажеті жоқ бағдарламалық кодтың дайын бөліктерін ұсына отырып, кодтау процесін барынша жеңілдетуге тырыстық», –
дейді Бауыржан Forbes журналына.
Стартапшылар туралы айтар болсақ, Бауыржан мен Кенжеғали 2016 жылғы Назарбаев Университетінің
түлектері.
Олар сондай-ақ ақпараттық жүйелер саласындағы магистрлік дәреже иегерлері.
Біз новаторларды тамаша жаңалықтармен құттықтаймыз және оларға одан әрі сәттілік тілейміз!
p.s. Біз жас және өршіл стартапшыларымыздың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз. Сондықтан біз сәттілік жағдайларымен бөлісуді жалғастырамыз.
Бізбен бірге болғаныңызға рақмет!
Читать на русском
Read in English