Құрметті НУ қауымдастығы,

Біз сіздерге
Технопарк резиденті
ТОО "KazAeroSpace" ЖШС мен Назарбаев Университеті Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры
Peyman Pourafshary
арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Олардың бірлескен «Қала аумағындағы жерасты коммуникацияларының 3D картасын құру» жобасы НУ коммерцияландыру кеңсесінің грантын жеңіп алды.
Көптеген қалаларда кездесетін проблема - иесіз жерасты желілердің болуы және олардың нақты орналасқан жерінің белгісіздігі.

3D карта георадар, локатор және ГНСС жабдықтарын қолдана отырып, барлық желілерді түгендеу арқылы осы мәселелерді шешеді.
Бұл жоба инновациялық болып табылады, өйткені жерасты коммуникациясының проблемалары бүгінгі күнге дейін, тіпті белгілі аудандарда шешілмеген.

Қазіргі уақытта бұл карта мен әдістеменің аналогтары Қазақстандық патенттер базасында табылған жоқ.
Егер сіз Технопарктің резиденті болғыңыз келсе, әлеуметтік желілердегі @nuris_cluster парақшамызда хабарландыруларымызды жіберіп алмаңыздар.
Read in English
Читать на русском