Құрметті Назарбаев Университеті қауымдастығы!

Machine Shop дәнекерлеу ісі бойынша практикалық курстарды бастайды.
Курстардың арқасында сіз дәнекерлеу жабдығының құрылғылары мен жұмыс істеу принциптерін біле аласыз, әртүрлі материалдарды дәнекерлеу және дәнекерлеу негіздерін үйренесіз.

Практикалық сабақтар дәнекерлеу ісі дағдыларын меңгеруге және дәнекерлеудің барлық қырларын үйреніп-білуге көмектеседі.

Курстың жалпы ұзақтығы 28 сағатты құрайды, оның ішінде 7 сағат теориялық сабақтарға, 18 сағат практикалық сабақтарға, өткен курс бойынша емтиханға 3 сағат жұмсалады. Оқу қорытындысы бойынша дәнекерлеу ісі бойынша практикалық курстардан өткеніңіз туралы cертификат аласыз.

2020 жылдың қыркүйек айына топтарға алдын-ала қабылдау жүргізілуде.

Білім алушыларға арналған сабақ кестесі топқа толық қабылданғаннан кейін жасалады.

Орындар шектеулі. 18+
Сұрақтарыңыз болса хабарласуыңызды сұраймыз:
Зарина Джанабаева
"NURIS" ЖМ қамтамасыз ету болімінің менеджері
тел: +7 (7172) 60 45 92, + 7 778 153 31 91
email: zarina.janabayeva@nu.edu.kz

Тіркелу
Innovation cluster of Nazarbayev University
Nur-Sultan city, 53, Kabanbay batyr Ave.
Tel: +7(7172)70 66 43
nuris_cluster@nu.edu.kz