Құрметті НУ студенттері және қызметкерлері!
Көптен бері ұйымдастырылмаған Филммейкинг бойынша ауқымды курстың жаңа легіне шақырамыз!
Filmmaking 101 курсы туралы
Аталмыш курс жаңа бастаушыларға арналған. Мұнда Сіз фильм жасаудың қыр-сырын біліп, коммерциялық бейнебаяндар және шығармашылық жобалар түсіре аласыз.
Сіз не үйренесіз?
Камера баптауларын базалық басқару: ұсталым, диафрагма, ақ түс балансы, гистограмма, линзалар.
Композиция, фрейминг, стабилизация
Adobe Premiere Pro жұмыс құралдары
Клиентпен байланыс орнату, бизнесті дамыту
Ерлік Агжанов
фильммейкер және режиссер
Курстың оқытушысы: Ерлік - көпжылдық тәжірибесі бар оператор және ірі компаниялармен жарнама материалдарын жасау бойынша серіктестік құрып үлгерген видеограф, Назарбаев Университетінің түлегі, . 2019 жылы Ерлік E-18 командасының құрамында ең үздік видео шешім үшін Markethon хакатонының жеңімпазы атанды.
Курс туралы толығырақ:
Оқыту тілі: орыс тілі
Курстың басталуы: 29 шілде, 2021
Сабақтар саны: 9
Курс ақысы: 18 200 KZT
Орын саны: 15
Курсқа қатысу үшін сізде өзіңіздің камераңыз болуы маңызды (кез келген бейне камера жарамды). Барлық сұрақтар бойынша: @nuris_dclab(Instagram)

Тіркелу үшін курс ақысын онлайн төлеу керек. Қажетті қатысушылар саны жиналғаннан кейін, тіркеу жабылады.
Тiркелу және төлем жасау
Читать на русском
Read in English
Біздің әлеуметтік желілер: