Табыс кілті:
біздің жас стартап туралы

Құрметті НУ профессорлары, студенттері және қызметкерлері!

Біз сіздермен бизнес-инкубация және акселерация бағдарламасының түлегінен алған жаңалықпен бөлісуге асығамыз.

Біздің стартапшы Мирас Советов, AERO компаниясының құрылтайшысы, соңғы 1,5 айда 30 000 000 теңге табысқа
қол жеткізді.

⠀ Мирастың айтуынша, олар өз командасымен бірге жаңа функционалы бар өнімді шығарды, оның тиімділігі ресейлік әріптестерінен алда келеді.

Біздің жас кәсіпкер комасына тағы екі талантты жігіттерді алып, компанияның Байқаушы кеңесін ұйымдастырды.

AERO халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
Мирас Советов – Назарбаев Университетінің түлегі. Ол осымен 2 рет NURIS бизнес-инкубация және акселерация бағдарламаларынан өтті.
Мұның бәрі қалай басталды?
NURIS-ҚА ЖОЛ
Алғаш рет Мирас NURIS-ке 2018 жылы Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 2 курс студенті ретінде келді. Содан кейін ол өрістерді нүктелік өңдеу бойынша стартапты дамытты.
БИЗНЕС-ИНКУБАЦИЯ ЖӘНЕ АКСЕЛЕРАЦИЯ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНАН ӨТУ
Мирас қажетті бизнес-дағдыларға ие болды, команда жинады, прототип әзірлеуді бастады.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Жас инноватор мұнымен тоқтаған жоқ. Ол Гонконг Brinc бизнес-акселераторына барып, Artesian Гонконг венчурлық қорынан 110 000 доллар инвестиция алды. Осы инвестициялардың көмегімен Мирас алғашқы прототипті жасап, оны тестіден өткізді. Кейін ол тағы «ABC-I2BF Fund» pre-seed қорынан инвестиция тартты.
NURIS-ҚА ҚАЙТА ОРАЛУ. "AERO"-НЫ БАСТАУ
2020 жылы Мирас бізге тағы да, бірақ осы жолы досымен бірге келді. Олар ABC Incubation және Quick Start бағдарламаларынан өтті, онда олар жаңа AERO жобасын іске асырды.
"AERO" бұл не?
Бұл емтихандардың онлайн прокторингінің ыңғайлы сервисі. Ол емтихан кезінде тестіленушінің күдікті әрекеттерін автоматты түрде таниды және тіркейді.
"AERO" веб-сайты
Біз Мирас пен оның командасын тамаша жаңалығымен құттықтаймыз және оларға одан әрі сәттілік тілейміз!
Назарбаев Университетінің "quickstart VII" акселерациялық бағдарламасының жетінші кезеңіне өтінімдер қабылданатыны туралы естеріңізге саламыз.
Толығырақ білу
p.s. Біз жас және өршіл стартапшыларымыздың, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз. Сондықтан біз сәттілік жағдайларымен бөлісуді жалғастырамыз.
Бізбен бірге болғаныңызға рақмет.
Read in English
Читать на русском